7.02.2018, 11:21
Оқылды: 49

Шаңғышылар сайысы өтті

Қаратөбе аудандық шаңғы туризмі техникасынан оқушылар арасында «Ақшақар – 2018» жарысы өтті. Оған аудан мектептерінен 10 команда қатынасты.

Оқушылар арасындағы шаңғы туризмі техникасын дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, шаңғы туризмін насихаттау, оқушылардың техникалық спорттық шеберліктерін шыңдау бағытында өткізілген жарыста оқушылар жеке қашықтық бойынша сынға түсті. Бұл сайыста ұлдар арасында І орынды Айбек Байымбет (Мұхит атындағы мектеп), қыздар арасында Жайна Асыланбекқызы (Шөптікөл мектеп-балабақшасы), «Командалардың ең үздік қойылым» байқауында Қалдығайты мектебінің командасы оқ бойы озық көрінді.

Ал «Қыс кереметі» кезеңінде Ханкөл мектебі, «Эстафета» қашықтығынан Мұхит атындағы мектептің оқушылары жүлделі орындарды иеленді.  Жалпы командалық есепте І орынды Мұхит атындағы мектеп оқушылары, ал ІІ орынды Шөптікөл мектеп-балабақшасының өрендері, ІІІ орынды Аққозы мектеп-балабақшасы оқушылары командасы иеленді.

Үздік көрсеткішке қол жеткізген команда облыстық кезеңге жолдама алды.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале