3.08.2017, 14:42
Оқылды: 19

«Шапағаттан» қайырымдылық дүкені жұмыс істеуде

Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта жаздың басында ашылған «Шапағат» қайырымдылық  дүкенінен аудандағы табысы аз отбасылардың мүшелері үшін киім-кешектің түрлері әрдайым табылуына жұрт ынта-ықыласпен атсалысып келеді.


Аудан ауылдарын айтпағанда, мысалы, бүгінде облыс орталығында тұратын бұрынғы ақжайықтық алты отбасы мүшелері жуырда киім-кешек әкеліп берді.

Ал Чапаевта 2013 жылдан бері жұмыс жасайтын «Балалар әлемі» дүкенінің иелері мұнда шалбар, көйлек, басқа да, яғни 80 мың теңгенің дүниесін берді. «Шапағатқа» ризашылығын арнап жатқан тұрғындар аз емес. Мысалы, бір ауыл тұрғыны «бұл дүкеннен алған киімдердің арқасында отбасымның қажеті өтеліп, азғантай ақшамды басқа  мұқтаждыққа жұмсап, қуанып қалдым»,- деп, «Келушілер кітабына» жазған.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале