28.12.2016, 18:01
Оқылды: 25

Шапағаты мол қайырымдылық шара

sirim-kayirimdilik-shara    Мерейлі жыл аясында Сырым ауданында «Қайырымдылық керуені» акциясы өтуде. Акция мақсаты - жетім-жесірді жебеп, аз қамтылған және көп балалы отбасылар мен  мүмкіндігі шектеулі жандарға демеу болу.


 «Қайырымдылық керуені» акциясы барысында Ж.Досмұхамедов атындағы мектепте аудан әкімінің орынбасары А.Сарқұлов, Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Баяндыков, Жымпиты ауылдық округінің әкімі Қ.Төлеповтің қатысуымен жиын өтті.

  Акциясы аясында Сырым ауданы бойынша 31 кәсіпкер аз қамтылған 59 отбасыға 826 000 теңгенің көмегін көрсетті. Оның ішінде азық-түлік – 252 000 теңге, киім-кешек 170 000 теңге, әлеуметтік қызметтер (такси, шаштараз) 31 000 теңгені құрады. Барлық отбасыларға 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды сертификаттар табысталды.

  Сондай-ақ аудан кәсіпкерлері (ЖК «Жаужиев К», ЖК «Мурадимова Т», ЖК «Удреев Н», «Орал құрылыс» ЖШС, ЖК «Бахметова В», ЖК «Нигметова Г», ЖК «Надиров Т») Өлеңті ауылының тұрғыны аз қамтылған Құрматовтардың шаңырағына көгілдір отын кіргізіп берді. Жеке кәсіпкер А.Ихсанова аз қамтылған 2 отбасыны 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жыл бойы тегін нанмен қамтамасыз етеді.

  БҚО «Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» және БҚО «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар басқармасы» аз қамтылған 10 отбасыға 150 000 (барлығы 5 отбасы, әрқайсысы 75 000 теңге) теңге көмек көрсетті.

  «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында аудан бойынша желтоқсан айында аз қамтылған және көп балалы отбасыларға 1 600 000 теңгенің көмегі көрсетілген.

  Айта кететін тағы қайырымдылық шара - жетікөлдік «Азат» ШҚ жетекшісі Ғ.Сүлейменовтің демеушілігімен аз қамтылған отбасы Меңешовтердің шаңырағына көгілдір отын кіргізілді. Сарой ауылдық округінің «Бекжан» ШҚ жетекшісі Е.Байдашевтың демеушілігімен көп балалы отбасы Ерғалиевтер әулетіне тай мінгізді.

  Жыл бойына Сырым ауданы бойынша 1293 отбасына 7 070 000 теңгенің көмегі көрсетілген. Ұйымдастырушылардың айтуынша,  мұндай игі істер қамкөңіл жандардың қоғамда өз орнын табуына сеп. Сондықтан қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Ү.Жәңгірова

Сырым ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале