17.04.2017, 18:34
Оқылды: 27

Шаруалар жайы сөз болды

Зеленов ауданы орталығында көктемгі далалық егіс науқанынан дайындық барысын талқылаған жиын өтті.

Аудан әкімі Кәрім Жақыповтың төрағалығымен өткен жиынға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Серік Нұрмағанбетов, БҚО ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының басшысы Арыстан Арсланбаев, «Аграрлық несиелік корпорация» БҚО филиалы директорының орынбасары Марат Абдулов, «Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС директорының міндетін атқарушы Қасымбек Молдабеков, «Global Water Soil» ЖШС директоры Асланбек Мажитов, «Қазгидромет» РМҚ БҚО филиалының жетекші инженер-метеорологы Тілеген Шабанов және ауылдық округ әкімдері мен аудан шаруалары қатысты.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ерікқали Бисақаев аудан шаруаларының көктемгі егіс жұмыстарына дайындығы мен өткен жылдарда жасалған жұмыстар жайында кеңінен баяндап берді. Оның айтуынша, негізінен егін егумен айналысатын аудан шаруалары соңғы жылдары майлы дақылдарды егуге жақсы көңіл аударып жатырған көрінеді.

Одан соң сөз алған Серік Базарұлы зиянкестермен күрес, жанармай алу, кооперация құру сияқты ауыл шаруашылығымен айналысып отырғандарды мазалаған сұрақтар жайында кеңінен әңгімелеп, шаруалар қойған сұрақтарға жауап берді.

Жиын барысында басқа қонақтар да сөз алып, несилендіру, зиянкестермен күресу үшін берілер арнайы заттарды алу жайында әңгімеледі.

Шаруаларды мазалаған негізгі мәселелердің жайын талқылаған кеңес соңында «Байер КАЗ» ЖШС өңірдегі өкілі Алдаберген Нұғманов өзі қызмет етіп отырған шаруашылық жұмысымен таныстырды.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале