7.06.2017, 18:12
Оқылды: 21

Шаруалардың басын қосқан семинар

Жаңақала ауданындағы герефорд және ангус асылтұқымды ірі қара малын сатумен айнлысатын «Муса» шаруа қожалығының базасында «Ветеринария  қауіпсіздігі» тақырыбында облыстық семинар өтті.


ҚР «Атамекен» ҰКП БҚО филиалы және аталған палатаға қарасты «Агрокомпетенция орталығы» ауылшаруашығы кешенінің ұйымдастыруымен өткен семинарға ветеринария саласының ғалымдары мен мамандары, Ақжайық, Сырым, Жаңақала ауданынының шаруа қожалықтары жетекшілері және аудан әкімі Л.Хайретдинов, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Заманауи технологияларға оқыту мен мемлекеттік тапсырыс негізінде инновацияларға және агробизнесті тиімді жүргізудің негіздерін үйретуді мақсат еткен жиында сала мамандары өздерінің жоспарларымен бөлісе отырып, ветериния саласының түйткілді мәселелерін бірлесе шешу жолдарын қарастырды. Сонымен қатар жиында асылтұқымды мал өсірудің артықшылығы мен тиімділігі, мемлекеттік бағдарламалар мен қолдаулар жайы сөз болды.

Түстен кейін семинарға қатысушылар мал егу, оны жұқпалы ауруға тексеру тәжірибесімен бөлісіп, ангус малдарын таразыға тарту жұмыстары көрсетілді.

Семинар соңында мамандар «Муса» шаруа қожалығын аралап, асылтұқымды ангус, герефорд малдарының жай-күйімен танысты.

Нұрғали ҒАББАСОВ,

Жаңақала ауданы

 zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале