27.10.2020, 18:03
Оқылды: 43

Шаруасы шалқыған шырайлы өлке

Сырым ауданына қарасты Алғабас ауылдық округінің Алғабас, Жаңаөңір, Сасықкөл елді мекенінде 1456 тұрғын бар.

ШАРУАСЫ ШАЛҚЫҒАН ШЫРАЙЛЫ ӨЛКЕ (1)

Ауылдық округ әкімі Өркен Әменовтың айтуынша, ауыл шаруашылығы саласындағы 40 шаруашылық құрылымдарында 81 адам жұмыс жасауда. Биылғы жылы округ бойынша барлық дәнді дақылдар 700 гектарды құраса, (350 га.бидай, 150 га.арпа, 200 га.екпе шөп) орташа өнімділік 5,0 центнерден келіп отыр. Жалпы алынған өнім, 230 тонна.

Округтегі мал басына келер болсақ, ірі қара 3616 бас, жылқы 2139 бас, ұсақ мал 9611 бас, (2018ж.-6241 бас), құс 2035 басты құрап отыр.

Округте 2 шаруашылық асыл тұқымды мал басын өсірумен айналысуда. Олардағы мал басы саны 226 басты құрайды.Осы шаруашылықтан биылғы жылы асыл тұқымды 17 бас бұқа сатылды. Биылғы жылы агрокредиттік корппорация арқылы «Айберген» ЖШС мен «Миллат» шаруа қожалығы 53 млн теңгеге несиеге алып, жылқы, ірі қара малын сатып алып, мал басын өсіруде. Округте қыстаққа 11 200 тонна мал азығы дайындалып, жоспар 97,3% орындалса, былтырғы жылдан қорда 2,8 тонна мал азығы бар.

Мал басының жай күйі осындай болса, ветеринарлық шаралар да жоспарлы түрде жүргізілуде. Жүргізілген ветеринариялық шаралардың қортындысына сәйкес Сарып ауруына округ бойынша 70 бас ірі қара малы мен 5 бас ұсақ мал оң нәтиже беріп, барлық мал жойылды.
Алғабаста шағын және орта кәсіпкерлікте күн санап алға басуда. Орта кәсіпкерлік саласында 31 кәсіпкерлік субъектілері (1 шаштараз, 3 сауда нүктелері, 2 кафе, 1 тігін ательесі, 1 пластикалық терезе жасау орны қалғаны мал шаруашылығымен айналысатындар) болса, онда 37 адам жұмыс жасайды. Өткен мерзімде 6 азамат қайтарымсыз грант алып, бүгінгі таңда шаруаларын дөңгелетіп отыр.

Айта кету керек, «Жамбыл» шаруа қожалығында 200 бас жылқы, 45 ірі қара, 150-ге тарта қой бар. Қожалық басшысы, кәсіпкер Бекболат Құзайыров елді жайлаған пандемия кезінде ауылдастарына жәрдемдеспек ниетпен арнайы тапсырыс арқылы электронды күбі алып, сауындағы 16 биеден айына 1 тонна 200 литр, күніне 60 литрдай қымызды ауыл тұрғындарына, қала тұрғындарына литрін 800 теңгеден сатып жеткізіп берді.
Алдағы жылы жаңадан техника сатып алып, егін салуды жоспарлап отырған Бекболаттың отбасылық дүкені бар.
Алғабаста тігін ательесі мен шаштараздық өз жұмысын бастағанына бір жылдан астам уақыт өтсе, пластикалық терезе жасайтын Е.Валиахметов те жеке кәсібін дөңгелетіп отыр. Одан бөлек, «мүмкіндігім шектеулі» деп өзгелерге масыл болмай, жолдасы Г.Қанатованың атынан қайтарымсыз грант ұтып, ағаш жонатын, т.б. құрал-жабдықтар алып, өз шеберханасының ірге тасын қалап қойған Сансызбай Қанатовты ерекше атап өткен жөн.
Сансызбай ағамыз алдағы уақытта үйге қажетті нан тақтай, оқтау, т.б. дүниелерді жасауға ниеттеніп отыр.
Ағымдағы жылы 21 жұмыс орны, соның ішінде 4 тұрақты, 17 уақытша жұмыс орнына орталық арқылы жолдама беріліп жұмыссыздар жұмысқа қабылданса, 39 адам маусымдық жұмыстарға, 4 жас «Жастар практикасына» және 71 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды. Жыл басына округ бойынша 172 азамат жұмыс іздеушілер есебінде тұр.

АӘК 2020 жылы 38 отбасыға (180 адам) 9млн 741 мың теңге қаражат төленді. Сонымен қатар әр отбасымен жасалған келісім шартқа сәйкес осы отбасылардан 47 азамат ресми жұмыссыз ретінде тіркеліп, 3-еуі тұрақты, 25-і ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды, сонымен қатар 2 азамат кәсіптік білім алуға жолданса, 6 азамат онлайн негізінде кәсіпкерлік бағытқа оқыды.

Есептік кезеңде барлық қаржы көздерінен 1771,1 мың теңгеге  қаржылай көмек көрсетілді (мектепке жол, демеушілердің көмегімен әр жылғы мектеп түлектері және жалпыға бірдей білім беру қорынан, тегін дәрі дәрмек). Бұдан бөлек 23 адамға 305,6 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілсе, денсаулықтарына байланысты есепте тұрған 10 адамға 398,1 мың теңге қаржылай көмек көрсетілді.

2020 жылдан бастап төрт және одан да көп баласы бар отбасыларға жеке жәрдемақы беріледі. Кәмлет жасына толмаған баласы, немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінің студенті болуы шарт, бұл жәрдемақы отбасының кіріс деңгейіне қарамастан беріледі. /42496-74388 теңге аралығында/. Бұндай жәрдемақы бүгінгі таңда округте 20 отбасыға тағайындалып отыр.
- Өз шаруасын дөңгелендіріп отырған ауыл азаматтарынан бөлек, сындарлы шақта Айбатыр Утегулов өз қаражатына Алғабас ауылдық дәрігерлік амбулаториясына бірінші кезекте қажетті дәрі-дәрмектерді алып берсе, ауылымыздың 1979 жылы туған азаматтары 8 жанұяға 8 қап ұнмен қолдау көрсетсе, өзге де жерлестеріміз балаларға киім-кешек, мектеп құралдарымен көмектесіп тұрады, - дейді Ө.Әменов.

Көгілдір отын мен ауыз су мәселесі бүгінде кейбір округтерде күн тәртібінен түспей тұрса, бұл округте 6 әлеуметтік нысан мен 245 тұрғын үй көгілдір отынмен қамтылып отыр. Бұл тұрғын үйлердің
85 пайызын құраса, 2 су ұңғымасы арқылы 9 шүмекке су барып тұр.Бұдан бөлек ауыл тұрғындарының 70 пайызының үйлеріне ауыз су құбыры тартылған. Қазіргі уақытта ауыз су қалыпты, тоқтаусыз  берілуде. Жаңаөңір, Сасықкөл ауылының тұрғындары қоғамдық құдықтарды пайдалануда. Алғабас ауылына «Ақбұлақ» бағдарламасына жобалық сметалық құжаттар  жасақталуда.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында интернет желісінің жылдамдығын арттыру бағытында желтоқсан айында талшықты-оптикалық байланыс желісі Алғабас ауылындағы 3 нысанға қосылған, құжат айналымын электронды жүргізу мақсатында «ЛОТУС» (электронды құжат айналымы ақпараттық жүйесі) әкім аппаратына орынтылды.Сонымен қатар ауыл тұрғындарына өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы әкім аппаратында жұмыс жасауда. Өткен мерзім ішінде 187 ауыл тұрғынына ЭЦҚ осы бұрыш арқылы қызмет көрсетілген.

Әрине, жерлестері үшін игілікті іс жасап жүрген жандардың барына қуанамыз, бірақ, аталмыш округте күн тәртібінен түспей тұрған мәселелер де бар.
Округте 30 шақырым аудандық маңыздағы жолдар, 12 шақырым ауылішілік жолдар бар. Өткен жылы 2 шақырым кірме жолына жөндеу жұмыстары жүргізілсе, биылғы жылы С.Датов көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Округ бойынша бүгінгі күні тұрғын үй кезегінде 22 азамат тұрса, оның ішінде 9 адам тұрғын үйі апатты деп танылғандар, 5 тұрғын әлеуметтік жағдайы аз қамтылған азаматтар санатынан. Ал, жетім балалар және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты 4, мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер санаты 3 адамды, көпбалалы 1 отбасын құрап тұр.

 

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале