28.07.2017, 16:43
Оқылды: 21

Шебер Ерғали Бекешевті қабылдады

Көркем өнердің дәстүрлі тәсілі мен заманауи дизайнды астастырып, абстрактілі және шынайы бейнелер сомдайтын шебер Ерғали Бекешевтің есімі көпке таныс.


Шебердің туындылары еліміз бен көршілес Ресейдің бірқатар қалаларына сән беріп тұр. Темірден түйін түйген өнер иесінің есімі өңірлік, аймақтық, халықаралық байқауларда танылып, ұлттық құндылықтарымызбен үндескен дүниелері беделді жинақтарға еніп үлгерді.

Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Ерғали Бекешевті Зеленов ауданының әкімі Асхат Шахаров арнайы қабылдады. Өнер иесінің бүгінгі шығармашылығымен танысып, алдағы жоспарларына қанықты.

– Өзіндік сипаты ерекше туындыларыңыз талайды мойындатып, Ақ Жайық атырабының абыройын асырды. Сіздің өнерге деген адалдығыңыз, ұлттың тарихына деген құрметіңіз, халықтың жарқын болашағына деген нық сеніміңіз әр туындыңыздан айрықша сезіледі. Танымдық сананың тереңінен тамыр тартқан тың дүниелеріңіз талай көрменің төрінен табылып, өнерді бағалай білетін жандарды тәнті етті, - деген аудан басшысы шеберге шығармашылық шабыт тіледі.

Н.ДҮЗБАТЫР

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале