21.01.2020, 19:08
Оқылды: 73

Шекара асқан малдың иесіне айыппұл салынады

Жәнібек ауданының Тау мен Қамысты ауылдық округтерінде аталған ауылдың әкімдері Нұрлыбек Төрешов, Бауыржан Қарақұлов және аудан әкімі Азамат Сафималиев өткен жылғы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.

janibek (1)

 Жиынға келген тұрғындар алдымен екі ауылдық округ әкімінің баяндамаларын тыңдады. Ал аудан әкімінің есебін екі ауылға қатысты күрделі мәселелер де айтылды. Мәселен, Тау ауылында су мәселесі мен мал ұрлығы өзекті тақырыпқа айналса, Қамысты ауылында мәдениет үйі мен фельдшерлік-акушерлік пунктке күрделі жөндеу жұмысы қажет.

janibek (2)

 Тау ауылының тұрғыны Еркебұлан Забихуллин Ғ.Абдуллин атындағы мектептің қоршауын ауыстырып беруді сұраса, Қамысты ауылының тұрғындары Бисен Қалжықов, Тоқтағаным Үмітаева, Бұрқан Өтеғалиев, Айша Кенжеғалиева және Ринат Мұқатов ауылдың тазалығын сақтауға, кіреберіс жолды жөндеуге, дала өртін сөндіру кезінде және басқа да жұмыстарға трактордан көмек қажеттігін жеткізді. Тұрғындар аудандық «Шұғыла» газетінің тілшілері ауылдарға жиі шығып, мал шаруашылығымен айналысып отырған жастарды көпке үлгі етсе деген тілектерін білдірді. Ауылішілік өзге де түйткілді жайлар қозғалды.

Сондай-ақ «Қайрат» шекара заставасының бастығы Кирилл Пермяков биылдан бастап мал шекарадан өтіп кеткен жағдайда, оның иесі әкімшілік жауапқа тартылып, шекара асып кеткен түлікті Тасқала және Жәнібек өткізу пункттерінен айыппұл төлеу арқылы кері ала алатындығын айтты.

Гүлзара Есенғали

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале