18.08.2017, 14:01
Оқылды: 25

Шекарашылар сынға түсті

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 25 жылдығына орай Тасқала ауданы Достық ауылдық округінде мерекелік шара өтті.


Аудан әкімінің орынбасары А.Баяндықов қатысып, шекара шебінің қызметкерлерін құттықтады.

- Шекара шебіне көзінде от, жүрегінде жалыны бар ерекше азаматтар тартылады. Себебі жау - жар астында. Сондықтан елдің шекарасын күзету - мемлекетіміздің қауіпсіздік саласындағы қастерлі қызмет. Осындай қиын да абыройлы, жауапкершілігі мол істеріңізге толағай табыс тілеймін,- дей келе «Тасқала» шекара комендатурасының коменданты, подполковник Б.Наимановқа аудан әкімі атынан құттықтау хат табыстады.

Спорт күні аясында болған шараның өтуіне ауыл әкімдігімен қатар «Жайық» (теміржолдық) шекара бақылау бөлімшесі мұрындық болды. Онда алдымен балаларға тәттілер үлестіріліп, ойындар өткізілді. Сондай-ақ ауыл тұрғындары өзара командалар құрып спорттық додаларда бақ сынасты. Шағын футбол, нысанаға көздеп ату, эстафета секілді бірнеше спорт түрлерінен болған сайыс нәтижесінде «Тасқала» шекара заставасы, «Наурыз көшесі» мен «Жастар» командалары жүлделі орындарды бөлісті.Белсенділік танытып қатысқандар дипломдар мен естелік сыйлықтарға ие болды.

Әсемгүл БЕКЕШЕВА,

Тасқала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале