12.12.2017, 18:00
Оқылды: 36

Шежінге «Ақбұлақтың» суы жетті

 

111_5387Мемлекеттік «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында ІІ Шежін ауылдық округінде таза ауыз су жүйесі іске қосылды. 

– Су – тіршілік көзі. Ел саясатында бақуатты тұрмысты қамтамасыз ету - басты мақсат. Халық игілігі үшін көптеген бағдарламалар жүзеге асырылып келеді. Солардың бірі - елді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы,- деген аудан әкімі Санжар Жұматайұлы маңызды жобалардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.

Су мұнарасын салтанатты түрде аудан әкімі С.Әлиев пен ауыл ақсақалы Ж.Джанаков ашты.

Жалпы құны 141 млн. теңгені құраған жоба жұмысымен мердігер «БатысСтройСервис» ЖШС-і жұмыстанып, белгіленген мерзімде аяқтады.  Жоба нәтижесінде 305 аула мен 1045 тұрғын таза ауыз сумен қамтылды.

-Шежін туып-өскен жерім. Күні бүгінге дейін ауыз су мәселесі ауыл тұрғындарының басты мәселесі болып келді. Міне, мәселеде шешілді. Ел үшін атқарылған игі іске ризамыз, - деді ауыл тұрғыны Жәрдем  Джанаков.

Динара НАСЫР,

Тасқала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале