31.01.2019, 11:24
Оқылды: 34

Шоңай, Тайғара, Үштерекке су құбырының құрылысы биыл басталмақ

  Бұл туралы Бөкей Ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рақымжанов есептік кездесуде айтты.

su

         -Бөкей Ордасында 22 елді мекеннің 14-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Жеті елді мекеннің тұрғындары құдық суын пайдалануда.
Үштерек елді мекеніне ауыз су тасымалданып, жеткізіледі. Бүгінгі таңда аудан тұрғындардың орталықтандырылған сумен қамтылу деңгейі 79 пайызды құрайды. Өткен жылдың желтоқсан айында Кеңой, күні кеше Әжен ауылдары таза ауыз сумен қамтылды. Сонымен қатар Жәрмеңке, Қарасу ауылдарына су тарту жұмыстар аяқталу қарсаңында. Шоңай, Тайғара, Үштерек ауылдарына су құбырын жеткізу жұмыстарына байқау жарияланып, құрылысы биыл басталмақ. Бұған қоса Мұратсай ауылы су құбырын қайта жаңғырту жұмысының құжаттамалары дайындалып, қаржы қарастырудамыз. Сондай-ақ өткен жылы ауданның 12 елді мекенін көгілдір отынмен қамту жұмыстары жүргізіліп, толықтай аяқталды. Нәтижесінде аудандағы елді мекендердің барлығы толықтай газдандырылды.

Нұрбек Оразаев,

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале