17.03.2017, 17:28
Оқылды: 33

Шұбар допты серік еткендер сайысы

Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен волейболдан ұлдар мен қыздар арасында «Шұбар доп» турнирі өтті.

15 команда арасында өткен жарыс қорытындысы бойынша, ұлдар командасы арасында үздік ойын өрнегін көрсеткен Аққозы орта мектебінің командасы І орынды иеленді. Егіндікөлдіктер ІІ орын алса, Мұхит атындағы мектеп волейболшылары ІІІ орынды қанжығаларына байлады.

Қыздар арасында І орынды Жамбыл орта мектебінің командасы, ІІ орынды Қаратөбе мектеп-гимназиясы командасы, ІІІ орынды Мұхит атындағы мектептің спортшылары иемденді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар табыс етілді.

 

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале