2.03.2017, 15:03
Оқылды: 77

Шын жүректен, мың алғыс!  

 

Қаратөбе аудандық мәдениет үйінде аудандық ішкі саясат бөлімі және мәдени-демалыс орталығы өнерпаздарының ұйымдастыруымен «Шын жүректен, мың алғыс!» атты концерттік бағдарлама өтті.


Мерекеге арналған сахнада алғаш ән шырқаған жас әнші Абай Маратұлының, «Қара жорға» әні желісімен қазақ биін орындаған бишілер тобының, халықаралық байқаулардың жүлдегері, жас домбырашы Қайрат Байғұттының орындауындағы Құрманғазының күйі «Адай», өнерлі жұп Мерей мен Наргиза Амангедиевтердің орындауындағы «Ақ тілек», бишілер тобы орындаған «Өзбек биі», жас өнерпаз Қуаныш Дүйсекештің орындауындағы «Ата-әже, әке-ана», Аралбек Дүйсенов орындаған «Сенің күлкіңнен аумайды», Назира мен Нұрғисаның орындауындағы «Бақыт құшағында» әндері көрермендерге көтеріңкі көңіл сыйлады.

Сахнада Мерей Амангелдиев пен Қуаныш Дүйсекештің отбасының қызығы мен шыжығын бейнелеген «Түнгі көрініс» атты көрінісі мен дүниенің жарығы аналарға мың алғыс айтып, тілек білдірген қаратөбелік балғын бүлдіршін Назира Жаукенқызының балдай тәтті сөздеріне залдағы көрермендер зор ықылас танытты.

Мерекеге арналған концерттік бағдарламаны тамашалаған ауыл ардагерлеріне арналған мерекелік дастархан жайылды. Аудан әкімі Асхат Шахаров құттықтау сөз сөйлеп, Алғыс айту күні мерекесінің маңызына тоқталды.

                                                                                        

Ерболат РАЙСОВ,

                                                                                    Қаратөбе ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале