21.01.2021, 19:30
Оқылды: 183

Шыңғырлау аудандық кітапханасында «Ашық есік» күні өтті

Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапханасына 2021 жылдың алғашқы айында ұйымдастырылған «Ашық есік» күні аудандық білім бөлімінің мамандары алғашқы оқырмандар қатарынан табылды.

кітапхана (1)

Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие берер білім саласының белді мамандары кітап оқуды қолға алып, өз орталарында кітап оқуды ілгерілетуді «Оқитын ұжым» жобасы аясында мақсат еткен. Оқитын ұжым үшін кітапханамыздың бөлімдеріне саяхат ұйымдастырылып, кітапхананың ақпараттық-библиографиялық қоры, жалпы бөлімдер бойынша кітап қоры, жаңа түскен әдебиеттер, биылғы ақын-жазушылардың мерейтойларына орай таныстырылым ұйымдастырылды.

кітапхана (5)

Сонымен қатар ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік мұраты – Мәңгілік ел», «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Ордалы елдің 30 жылдығына – 30 кітап», «Жарқын болашақтың 100 оқулығы» кітап көрмелеріне шолулар өткізіліп, қатысушылар назарына «Әдеби аялдама» библиотакси шарасы ұсынылды. Бірлесе өткізетін шаралар жыл бойы жалғасын таппақ.

                                                                                                        Гүлсім Қуанаева,

Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапханасының директоры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале