22.05.2020, 12:16
Оқылды: 124

Шыңғырлау ауданы әкімі мәдениет және өнер қызметкерлерін мерекемен құттықтады

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық мәдениет қызметкерлері бас қосты.

D5B235DC-8D4A-460E-BCEF-AA32655C91AD

Шара барысында төл мейрамдарымен аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова құттықтап, өңірдің мәдениет саласының даму қарқыны мен өнер адамдарының еңбегін атап өтті. Сонымен қатар өңір басшысы мәдениет саласында елеулі еңбек еткен жандарға арнайы марапаттар табыстады. Атап айтқанда, аудандық кітапхананың бөлім жетекшісі Р.Джалетова мен аудандық балалар кітапханасының жетекшісі Қ.Ғалиеваға «Қазақстандық кітапханалық одағының» төсбелгісі табыс етілсе, облыстық мәдениет басқармасы басшысының және аудан әкімінің алғысхаттарымен бірқатар мәдениет саласының мамандары марапатталды.

20FFEA45-F6E5-45E9-BCED-59D48D4FF53B

Қазіргі таңда ауданымызда 14 мәдениет үйі мен клуб, 19 кітапхана, 3 саябақ пен 1 мұражай халық игілігіне қызмет етеді. Онда қызмет етіп жүрген әр адам өңіріміздегі мәдениет пен өнердің дамуына үлес қосып келеді.

 Аман Ізмұхан

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале