26.09.2019, 10:51
Оқылды: 84

Шыңғырлау ауданы әкімі жастармен кездесті

Шыңғырлау аудан әкімі Ержан Тұрмағамбетов аудан жастарымен кездесті.

жас (4)

Кездесу барысында аудан әкімінің балалық шағынан сыр шертетін бейнеүзік көрсетіліп, естелік әңгімелер айтылды. Сондай-ақ жастардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беріп, емен-жарқын әңгіме өрбіткен Ержан Рысжанұлы өзінің өмірлік тәжірибелерімен де бөлісті.

«Бүгінгі кездесу көп жастарға рухани серпіліс берді. Аудан әкімі Ержан Рысжанұлымен жастар болып салиқалы сұхбат өрбітіп, сауалдарымазға жауап алдық. Еркін әңгіме барысында бүгінгі жастардың жай-күйіне, олардың негізгі бағыттарына тоқталып, өзара пікір алмастық. Алдағы уақытта осындай игі шаралар жалғасын табады деген сенімдемін»,-дейді жас маман Нұрлыбек Қайыржанов.

жас (2)

Сонымен қатар кездесуде Ержан Рысжанұлының ұстазы Алтын Владимирқызы қатысып, кеш кейіпкерінің оқушы кезіндегі қызықты оқиғаларын айтып берді.

Самат Байболат

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале