12.10.2017, 14:14
Оқылды: 17

Шыңғырлау ауданында көше мейрамы өтті

 

Көше мейрамына  жиналғандар  ішінде байырғы тұрғындар, тыл ардагерлері, қариялар, осы жерді мекен етіп, жергілікті тұрғын атанып кеткен татар, орыс, украин ұлтының өкілдері және  жаңадан көшіп келген жас отбасылары қатысып, үлкен  ұйымшылдық танытты.

Ауданның, көшеміздің тарихы жөнінде зейнеткер ұстаз  Айман Лекерова, тұрғын   Мырзагелді  Қуанаев әңгімеледі.

Ал балалар би билеп, өнерлерін көрсетті. Шара соңында «Ең көрікті аула», «Ең дәмді тағам», «Ең белсенді тұрғын», «Көше тарихын жинақтаушы» тағы басқа да аталымдар бойынша дипломдар мен сыйлықтар берілді. Елдар Бижановтың «Ауылға сәлем», «Ауылым әнім», Шынарбек Баубектің орындауындағы «Бір досың керек екен» әндері  жұртшылықтың жүрегіне жылылық  сезім ұялатып,  тыңдармандарын  сонау балалық шаққа қайта апарғандай болды.

Айсұлу Амангелдіқызы,

Шыңғырлау ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале