27.05.2018, 19:07
Оқылды: 28

Шыңғырлау ауданында «MEN QAZAQPYN» жобасы өтті

IMG_20180527_190456Аптаның сенбі күні аудандық Мәдениет үйінде дәстүрлі әнші, күйші, «MEN QAZAQPYN» тақырыбындағы термешілердің телевизиялық байқауының аудандық іріктеу кезеңі өткізілді. Ғасырлардан жеткен бабалар мұрасы, ұлт үні болған жан-дүниеміздің рухани арқауы- ұлттық төл өнерімізді насихаттау, дамыту, сол арқылы ұлттық ерекшелігімізді сақтау мақсатында облыс басшылығы, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, сондай-ақ  «QAZAQSTAN РТРК» АҚ-ның БҚО филиалының тікелей қолдауымен, облыстық «Халық шығармашылығы орталығы» мекемесімен бірлесе ұйымдастырылған шараның бұл кезеңіне ауданымыздан 7 үміткер қатысты.

«QAZAQSTAN РТРК» АҚ-ның БҚО филиалының директоры Асланбек Ғұбашев, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сайран Дүйсенов, облыстық «Халық шығармашылығы орталығы» әдіскері Батырхан Қайыров қазылық еткен шарада ауданымыздың өнерпаздары Азамат Қалиев пен Әлібек Жұмашев байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды.

Байқау барысында қазақ халқының күйші- композиторларларының  «Байжұма», «Терісқақпай», «Балбырауын», «Ерке сылқым», «Әлқисса» күйлері мен «Шырайлы Шыңғырлауым», «Әбдіғалидың термесі», халық әні «Желкілдек» туындылары орындалды. Байқауға шер көкірек, зар дауысты- қобыз үнін қосқан Дарина Ақбалеева Құрманғазы бабамыздың «Түрмеден қашқан» және Арынғазының «Арынғазы» күйін орындап берді.

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале