12.05.2017, 12:24
Оқылды: 99

Шыңғырлау ауданының әкімі егістікті аралады

Shingirlau egis    Шыңғырлаулық диқандар  қауымы  көктемгі егін салу  науқанын  уақытылы бастап, қазіргі таңда  аяқтауға да жақын. Далалық жұмыстардың ахуалымен танысу мақсатында аудан әкімі Альберт Есалиев және ауыл шаруашылық мамандарынан жиналған топ «Жаңа жер» шаруа қожалығына қарасты егін даласын аралап,  жаздық бидай себу кезеңін көздерімен көрді.


    Дала төсінде екі «John Deere» жұмыс істеуде. Шаруа қожалығының баптап отырған егістігінің өсімі жақсы. Егістік даласындағы 367 гектар жерге «Саратов-90» сортты  күздік бидай себілген, ал 316 гектарға «Саратов-6» сортты күздік қара бидай, сонымен қатар 900 гектар жерге жоспарланған «Волга-Уральская» жаздық бидайдың бүгінгі таңда 560 гектарына дән себіліп үлгерген. Диқаншылар жаздық бидайды сеуіп болысымен Астрахан софлорын 135 гектарға ал, 400 гектарға күнбағыс  екпек.

  Айсұлу Арыстанова

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале