6.08.2020, 11:52
Оқылды: 30

Шыңғырлау ауылының орталық көшесіне дәрігерлерге алғыс ретінде баннер орнатылды

Әлемді жайлаған жұқпалы дертпен күресуде ақ халатты абзал жандардың еңбегі зор. Адам өмірін қорғауда алдыңғы сапта аянбай еңбек етіп, өз басын қатерге тігіп жүрген дәрігерлердің құрметіне Шыңғырлау ауылының орталық көшесінде "Антына адал ақ халатты жандарға алғыс" атауымен баннер орнатылды.

BC67D2AC-8A6F-44C3-B34F-A53B4372BC34

«Біздің еңбегімізді елеп жатқандарға біз де алғысымызды білдіреміз. Қиын кезеңдерде әкімшілік, кәсіпкерлік, тіпті тұрғындар тарапынан да дәрігерлерге де, науқастарға да түрлі қолдау көрсетілді. Осы игі істердің бәрі көңілге медеу болды. Енді аудан орталығына да әріптестеріміздің құрметіне орай алғыс айтылған баннер орнатылыпты. Әріптестер де өз суреттерін көріп, жылы қабылдап жатыр. Ең бастысы тұрғындарымыз сақтық шараларын естен шығармаса екен»,- дейді аудандық аурухана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары А.Бекжанова.

Уақытпен санаспайтын, антына адал дәрігерлердің еңбегін бағалап, адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп келе жатқан, ажалдан арашалаушы жандарға деген құрметіміз азаймасын!

 Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале