4.10.2017, 11:10
Оқылды: 28

Шыңғырлау-Сегізсай жолы жөнделеді

 

Taskala tas jolБұл туралы аудан әкімі А.Есалиев БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты.

Шыңғырлау-Сегізсай күрежолының жағдайы қиын. Бұл бағытта 5 мыңға жуық адам тұратындықтан күні бүгін жолды жөндеу үшін 29 млн. теңгеге жобалық-сметалық құжаттама жасақталуда.

Аудан орталығының көшелеріне асфальт төсеу де кестеге сай жүруде. Тек ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 3,4 шақырым болатын 8 көше күрделі жөнделіп, оған облыстық бюджеттен 235 млн. теңге қаржы бөлінді. Шыңғырлау ауылының 4 көшесіне жөндеу жасалып, 1300 метр жаяу жүргіншілер жолы төселді. Тазалықты сақтау мақсатында 100 контейнер сатып алынып, Шыңғырлау-Ақсай күрежолының бойына қосымша контейнерлер қойылды.

Г. ЖОЛДЫҒАЛИ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале