24.08.2017, 16:35
Оқылды: 15

Шыңғырлауда 112 жұмыссыз тұрғын кәсіптік білім алуда

Жұмыссыз отырған ауыл адамдарын жұмыспен қамтуда мемлекетіміз үлкен қолдау көрсетуде. Әсіресе «Нәтижелі  жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында ауыл тұрғындары өздері таңдаған мамандықтарға оқып, алды жұмысқа орналасуда.


Бағдарлама аясында мобильдік топ құрылып,топ мүшелері аудан орталығына және ауылдарға шығып, тұрғындармен жүздесті. Олардың өтініш-тілектерін тыңдап, сұраныстары бойынша құжаттары рәсімделіп,  мамандық түрлері бойынша оқуға жолданды.

- Әсіресе, ауылдардағы әрбір  жұмыссыз адамның жасына, отбасылық жағдайына, қабілетіне қарап іріктеуге тырыстық. Бүгінгі таңда әртүрлі мамандық бойынша 112 жұмыссыз адам кәсіптік білім алуда.

Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен  және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз етудің» бірінші бағыты бойынша жұмысшы кадрларды кең түрде өткізілуде. Бұған қоса жақын арада оқуларын тәмәмдайтын 4 тігінші, 5 шаштараз жұмысқа алынбақ. Ал 17 аспаз мамандықтары бойынша  жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Бұған қоса 7 жұмыссыз адам Орал қаласына «Самат» автожүргізушілер курсына 5 айға оқуға жіберілген. Айта кету жөн, мемлекет тарапынан берілетін қаржының есебінен олардың жол ақысы, пәтер ақысы, оқуы төленген, сонымен қоса  шәкіртақысы бар. Қазіргі таңда 8 адам Теректі колледжінде, 21 адам Шыңғырлау колледжінде мамандық алуда, - дейді аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Клара Айталипова.

Айсұлу Арыстанова,

Шыңғырлау  ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале