7.02.2019, 16:12
Оқылды: 22

Шыңғырлауда 4 медициналық нысан күрделі жөндеуден өткен

Бұл туралы Шыңғырлау ауданының әкімі Альберт Есалиев тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде мәлім болды. Жиынға облыс әкімі Алтай Көлгінов және орынбасарлары, облыстық басқарма басшылары қатысты.

 shingyrlau (3)

-Жол мәселесіне келсек, аудандағы облыстық маңызы бар жолдың ұзындығы 143 шақырымды. Соның ішінде, 104 шақырымға, Шыңғырлау-Ақшат-Сегізсай автожолына ішінара жөндеу жұмысы жүргізілуде. Былтыр аталған жолдың 8 шақырымы күрделі жөндеуден өтті. Осы жолдың алғашқы 12 шақырымына, яғни Шыңғырлау-Ұрысай жолына күрделі жөндеу жүргізу үшін конкурс жарияланды. Бұл жолға асфальт төселетін болады, - деді аудан әкімі Альберт Темірболатұлы.

Айта кетейік, былтыр Қарағаш, Шоқтыбай, Ақтау, Амангелді ауылдарының фельдшерлік-акушерлік пункттері күрделі жөндеуден өтсе, биыл Ақшат ауылының медициналық амбулаториясы пайдалануға берілді. Шыңғырлау мектебі де күрделі жөндеуден өткен. Мұнымен қоса, мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, жаңа спорт алаңы салынған.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале