4.10.2017, 11:02
Оқылды: 16

Шыңғырлауда 434 жаңа жұмыс орны ашылған

Бұл жайлы Шыңғырлау ауданының әкімі А.Есалиев БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Әкімнің айтуынша, ауданның 2017 жылға арналған бюджеті 3 млрд. 752 млн. теңге. Бүгінде салықтар мен басқа да төлемдер бойынша жергілікті бюджетке 258 млн. теңге көлемінде салық түскен. Қазіргі таңда ауданның салық базасын арттыру бойынша бірқатар шаралар қабылдануда. Солардың бірі – иесіз газ құбырларының құжаттарын жасақтап, бәсекелестік ортаға беру. Сондай-ақ, коммуналдық меншіктегі 10 нысанды сатудан және жалға беруден аудан бюджетіне барлығы 12 млн. теңгеден астам қаржы түскен.

Белгіленген жоспарға сәйкес, ағымдағы жылдың тамыз айында ауданда «Патриот» супермаркеті пайдалануға берілді, оған 13 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Бұған қоса Ақсай қаласынан келген инвестордың қаржысына фармацевтикалық кешеннің және жергілікті кәсіпкердің қаржысына бизнес-орталықтың құрылыстары жүруде. Екі нысан да жыл аяғында пайдалануға берілмек. Соңғы 4 жылда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде ауданға 86,2 млн. теңге қаржы тартылды. 7 жоба жүзеге асырылып, 41 жаңа жұмыс орны пайда болды. Тек биылдың өзінде кәсіпкерлер аталмыш бағдарлама арқылы 30 млн. теңге несие рәсімдеген. Оның сыртында екінші деңгейлі банктерден екі кәсіпкер айналым қаржысы ретінде 30 млн. теңгеге қол жеткізді («Астана»  ЖК және «Жумалиева Л» ЖК).

Жыл басынан бері ауданда 434 жаңа жұмыс орыны ашылған (бұл өткен жылғыдан 50%-ға көп). Ағымдағы жылдың 8 айында 4 жәрмеңке өткізіліп, 116 адам тұрақты және уақытша жұмыстарға жолданған.

Г. ЖОЛДЫҒАЛИ

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале