4.12.2018, 18:35
Оқылды: 137

Шыңғырлауда Асан Қайғы бабамыздың ескерткіші орнатылды

Ескерткіштің ашылуында аудан әкімі Альберт Есалиев сөз сөйлеп, Асан Қайғы бабамыз туралы аңыз бен оның қадір-қасиеті жайлы ой толғады.

 asanqaigy (3)

Ескерткіш алдында Л.Қылышев атындағы мектептің тарих пәнінің мұғалімі Хадиша Молдағалиева құттықтау сөз сөйлеп, Азамат Қалиевтың орындауында «Жерұйық» күйі өте әсерлі шықты. Зейнеткер ұстаз Кітәбия Абдуғазиеваға және аудандық және облыстық «Эрудит» байқауының жеңімпазы, 11-сынып оқушысы Темірлан Байғалиевке ұсынылды.

         Ескерткіштің бас демеушісі – кәсіпкер Юсуп Казиев, ал жұмысты жүргізген «Мансұр» ЖШС. Авторы – Қазақстан Республикасы суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Ибрагим Айгенов. Суретші-мүсіншілер Ахмет Ерғалиев, Закижан Исламбеков автормен бірлесе отырып, екі ай уақыт ішінде аяқтап бітірді.

asanqaigy (1)

asanqaigy (4)

Айсұлу АРЫСТАНОВА,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале