24.01.2018, 11:33
Оқылды: 18

Шыңғырлауда ат спортына қызығушылық артуда

Шыңғырлау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен аудан тұрғындары атқа мініп серуендеді.

Жеке кәсіпкер Нұрболат Ақпанов ауданда ат спортын дамытуға үлес қосып жүрген азамат. Жерлестеріміз мініп, серуендеу үшін жылқыларын тегін беріп отырған Н.Ақпановтың бұл ісіне көпшілік разы. Сонымен, Шыңғырлау халқы атқа қонды. Үлкен-кіші балалар да осында. Атқұмар жандар арасында аудан әкімі А.Есалиев те бар.

- Атқа мінгенді ұнатамын. Әкем үйге жылқы әкеліп қойды. Әзірге асау, қар қалыңдағасын үйретеміз. Сосын атқа үнемі мінетін боламын, - дейді Л.Қылышев атындағы мектептің оқушысы Санжар Оразғалиев.

Адақ Танабайұлы,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале