18.05.2018, 16:58
Оқылды: 14

Шыңғырлауда цифрландыру мәселесі бойынша семинар-кеңес өтті

Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде өткен шараға ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО департаментінің басшысы Б.Исақов, БҚО бойынша құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқарма басшысы Ж.Нұрмағамбетова, БҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары М.Қалығұлова, БҚО бойынша «Халық банк» АҚ филиалының өкілі Р.Дюсенғалиева, БАҚ өкілдері қатысты.

Семинар-кеңесті кіріспе сөзбен ашқан аудан әкімі Альберт Есалиев аталған мәселе бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Күн тәртібі бойынша «Халық банк» АҚ бөлімшесінің басшысы Э.Чабан, «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшесінің басшысы Б.Габдуллиева, Шыңғырлау аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Э.Ығылманова, аудандық білім беру бөлімінің басшысы А.Сапаров, аудандық орталықтандырылған аурухана директорының орынбасары М.Хамзиев, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы С.Қазиев, «Қазақтелеком» АҚ аудандық бөлімшесінің басшысы О.Лисун баяндамалар жасап, цифрландыру мәселесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстары жөнінде көпшілікті хабардар етті.

Осыдан соң облыстан келген басшылар мен мамандар маңызы зор, келешегі кең мәселенің мәнін тереңдететін өз ой-пікірлерін ортаға салды. Көпшілікке көп мағлұмат беріп, жаңалыққа үндеген семинар-кеңес жұмысы мақсатына жетті.

Облыстан келген басшы Б.Исақов Ащысай ауылдық округінде болып, ауыл әкімдігі аппаратының жұмысымен танысып, жеке тұлғаларды қабылдады.

Адақ ШОТПАНОВ

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале