13.07.2018, 11:19
Оқылды: 31

Шыңғырлауда егін орағы басталды

eginБиылғы жылдың егін ору науқаны да басталып кетті. Көктемнің салқыны көпке дейін созылып, топырақтың жылуы жайлау болды, әрі ерте көктем жаңбыры да аз түсті. Алайда «Жаңа жер» ШҚ-ның (Ә.Талдыбаев) «Орал-Шыңғырлау» тас жолы бойындағы егістік алқабына  барғанымызда тиянақты еңбектің нәтижесіне куә болдық.

Шаруашылықтың агрономы Ерболат Сұлтанғазиевтің айтуынша, сапалы тұқым уақытылы себіліп, егістік минералды азоттық сұйық тыңайтқыш «КАС» арқылы қоректендірілген. Аумағы 472 гектар болатын бұл алқаптағы күздік бидайдың  шығымы жақсы. Әр гектардан 25-30 центнерден өнім алмақпыз. «Джон Дир» маркалы шетелдік екі комбайн егін жинау жұмысына тартылды. Екі комбайн күніне 140-150 гектар шабады. Жақында бұл жердің егінін ору аяқталады. Комбайыншылар  Серік Төлеуішов, Талғат Орынғалиев, Аслан Бакисов, Темірболат Жешімовтер күндіз-түні еңбек етуде.

Қашанда қасиетті саналған асыл тағамымызды өндіру жолында тынбай еңбектеніп жатқан жаңа жерліктердің шығар биіктері әлі де алда.

Адақ ШОТПАНОВ

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале