10.04.2018, 17:35
Оқылды: 19

Шыңғырлауда Елбасы бағдарламасы аясында игі істер атқарылуда

IMG_8782Шыңғырлау аудандық музейінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жарияланғанына 1 жыл толуына орай жиын өтті. Маңызды шараға аудан әкімі Альберт Есалиев қатынасты.

Жыл бойғы атқарылған жұмыстар жөнінде аудан әкімінің орынбасары Ержан Тұрмағанбетов баяндама жасады. Бейнероликпен өрнектелген баяндамада ауданда атқарылған іс-шаралар жөнінде нақты ақпарат берілді. Аз ғана уақыт ішінде халықтың рухани өсу ісіне өзінің игі әсерін тигізген аталған құжат бойынша жасалынған жұмыстар өте көп.

Ағайынды Қазиевтердің ауруханада тегін көмек беруі, музей мен «Ұстаз» ескерткішінің ашылуы, елжанды азаматтардың Ақтауда көпір, Ащысайда музей ашуы, Шоқтыбайда салынып жатқан спорт кешені, халықтың рухын көтеруге арналған кездесулер игі жұмыстар қатарында.

Жиын соңында сөз алған аудан әкімі істелген жұмыстарға оң баға беріп, алда атқарар міндеттер туралы ойларын көпшілікке ұсынды.

А.Танабайұлы

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале