5.07.2018, 16:42
Оқылды: 50

Шыңғырлауда фармацевтикалық орталық ашылды

Shyngyrlau apteka (1)Арайлы Астананың мерейлі тойы қарсаңында Шыңғырлауда жаңа фармацевтикалық орталық есігін айқара ашты. Жаңа нысан жыл сайын өсіп келе жатқан аудан тұрғындары үшін қолжетімді бағамен 2000-ға жуық дәрі -дәрмек түрін сатылымға шығарып, шыңғырлаулықтарға қызмет көрсетпек.


«Нұркенов» жеке кәсіпкерлігінің иелігіндегі орталық жаңа заманауи құрал-жабдықтарымен жарақталған, іші-сырты тап-тұйнақтай. Мұнда келушілерге үш фармацевт қызмет етеді. Нысанның құрылысын Ақсай қаласының кәсіпкер-инвесторлары жүргізді.

Shyngyrlau aptekaЖаңа орталықтың ашылу салтанатында аудан әкімі Альберт Есалиев құттықтау сөз сөйлеп, жақсы тілегін арнады. Қуанышты сәтке арнайы келген  ақсайлық кәсіпкерлер Жания Шурманова, Ақсәнім Өтебаевалар да кәсіпкер Төрехан Нұркеновке жүрекжарды тілектерін арнады.

 Айсұлу Арыстанова

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале