29.11.2017, 14:57
Оқылды: 21

Шыңғырлауда газ құю стансасы ашылды

 

Ауыл азаматы Андрей Наурызғалиевтың мұрындық болуымен ауданда «КриогенГазСервис» ЖШС-гі жаңа станса ашты.

Аудан халқының автокөлікке газ отынын Ақсай, Орал қалаларынан құйдырып келгенін айтқан аудан әкімі Альберт Есалиев енді бағасы анағұрлым арзан газ жанар-жағармайының қолжетімді болатынын жеткізді. Нысан құрылысына 20 млн. теңге қаржы жұмсалған.

Станса жұмысына тұрақты түрде 3 тұрғын тартылған. Газдың бағасы да литрі 75 теңге көрсетіп тұр.

-Бұл біз үшін аса жағымды жаңалық болып тұр. Жалпы алғанда, жолаушылар тасымалымен айналысатын болғаннан кейін жанар-жағар май жағдайы аса мазасыз мәселе боп жүрген болатын, бензиннің қымбаттығы, ауылымызда газ құю орнының жоқтығы қиындық тудыратын. Енді, бұл мәселе шешілді, - дейді кәсіпкер Бауыржан Елесбаев.

Жаңа станса алдағы уақытта тағы бір жұмысшы алып, тұрмыста пайдаланатын газ баллондарын да толтыру жұмыстарын жолға қоймақ. Сондай-ақ, автокөліктерге газбен жүру құрылғысын орнату жұмыстары да жоспарда бар.

 Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале