11.07.2019, 16:33
Оқылды: 150

Шыңғырлауда инватакси жұмыс жасауда

Биыл мамыр айынан бастап «Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Батыс Қазақстан облысы көру мүшесі зақымдалған қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ауданда мүгедектерді тасымалдау үшін инватакси қызметін жолға қойды.

 inVATAKSI

Инватакси қызметі Шыңғырлау ауылындағы көру қабілеті шектеулі І топ және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға жұмыс, оқитын орны, уәкілетті және орындаушы органдар, сот, прокуратура және де әлеуметтік сала объектілері, әділет басқармасы, нотариус, медициналық мекемелер, теміржол вокзалы, сондай-ақ арнайы мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелер бағыттары бойынша қызметін ұсынуда.

Инватаксиге арнайы топтағы мүмкіндігі шектеулі тұрғындар бір күн бұрын тапсырыс беріп, күніне бірнеше рет жүгіне алады. Тіркелген азаматтардың аталған бағыттар бойынша арнайы жол парағы толтырылып, қол қояды. Күнделікті тапсырыстарды қабылдап, тіркеу үшін БҚО көру мүшесі зақымдалған қоғамдық бірлестігінде инватакси қызметінің жауапты жетекшісі, бір диспетчер және жүргізуші қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда инватакси қызметін көзі көрмейтін І топтағы 10 адам мен жасы 16-ға толмаған 6 мүмкіндігі шектеулі бала алып отыр.

- Мүмкіндігі шектеулі арнайы топтағы аудан тұрғындары үшін инватакси қызметі қолайлы. Қызметті пайдаланушылар ризашылығын білдіруде. Өздеріне арналған көліктің үйден алып кетіп, күтіп алып үйге жеткізуі өте ыңғайлы,-дейді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Сандуғаш Шинасилова.

Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале