5.01.2021, 15:57
Оқылды: 38

Шыңғырлауда кандидаттар сауда нысанында болды

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын және ауданды дамытудың 7 басым бағыты кеңінен баяндалған кездесу сауда нысаны «Бәйтерек»-те өтті.

IMG_0180

Кездесуде облыстық мәслихат депутаттығына кандидат М.Байжановтың сенімді өкілі М.Бекжанов, аудандық мәслихат депутаттығына кандидат О.Кушевтің сенімді өкілі Г.Тулеушева, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Г.Волкогон, Қ.Жазықбаев, А.Камзаева партияның сайлауалды бағдарламасынан ұжым қызметкерлерінің толық хабары барлығына көз жеткізе отырып, алдағы сайлау күні оларды «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Кең ауқымды түрде партияның болашаққа жарқын қадам бастайтын бағдарламасы мен ауданымызды дамытуға арналған іс-шаралар легі туралы айта отырып, ұжым қызметкерлері ашық әңгіме, кең түсінік жұмыстары үшін кандидаттарға алғыстарын білдірді.

Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале