11.08.2020, 17:44
Оқылды: 138

Шыңғырлауда "Кәусар" бағдарламасы қолға алынды

 Халқымызда: «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген нақыл бар. Табиғаттың тылсым сырларының қайнар көзі де осы бұлақтарда секілді. Табиғаты көркем, даласы сәнді, өлкеміздің ерекше екенін тарихтың да, уақыттың да өзі дәлелдеді.

EA74E5C9-95E9-4C58-A17C-2A7E604EB118

   Шыңғырлау аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы биыл ауданымыздағы барлық бұлақ-бастауларды зерттеп, сараптау мақсатында «Кәусар» бағдарламасын қолға алды.

    Мақсат – барлық елді мекендердегі бұлақтарды айқындап, орналасқан жері, тарихы, ашқан адамдар, атауы жөнінде жұмыстану.

   Зерттеу жұмыстары шартты түрде үш кезеңнен тұрды. Бұл жұмыс бойынша ұжым мүшелерінің әрқайсысына селолық округтар бөлініп берілді. Олар әр округтардағы бұлақтар жөніндегі мәліметтерді ауыл ақсақалдарынан, жер, ел тарихына құрметпен қарайтын адамдардан мәліметтер жинауға міндеттенді.

  - Ауданымыз табиғаты көркем, өзен-сулы, орман-тоғайлы территорияда орналасқан. Ауданның табиғатын зерттеу  - болашақтың еншісінде. Өзен-көлдер мен бөгеттердің суларын молайтып тұруда бұлақтардың атқарар жүгі мол. Осы тұста тағы да бір жайтты айтпауға болмайды. Алмаз елді мекенінде орналасқан Соркөл атты үлкен, тұзды көл халыққа емдік қасиетімен, мол суымен, тұзды кристаллдар мен аса қажет болатын.

    Бір кездері Соркөл көлін молайтып тұрған бұлақтың көзін арнайы жіберілген адамдар келіп, бітеп кетуіне байланысты бұл күнде көлдің халі мүшкіл деп айтуға болады.

   Сапар барысында жұмысымызға қолдау көрсеткен барлық селолық округ әкімдеріне жергілікті тұрғындар сегізсайлық Сүйіндіков Зарлық, алмаздық Мақсотов Айдос, ақшаттық Иманқұлов Ақылбай, ардақтық Шурманов Аманға алғысымыз шексіз, - дейді Шыңғырлау аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Адақ Шотпанов.

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале