14.01.2021, 11:57
Оқылды: 97

Шыңғырлауда қоғамдық бірлестіктер мен дін өкілдерінің жиыны өтті

Шыңғырлау ауданы әкімдігінде бас қосу өтіп, оған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шыңғырлау аудандық мешітінің бас имамы Ренат Кенжеғалиев және «Орал Епархиясының қасиетті Серафим Саровский шіркеуі Ахсай приходы» жергілікті  провославиялық діни бірлестігінің өкілі Дмитрий Александрович Носков қатысты.

IMG-20210114-WA0004 (1)

Жиын барысында қазіргі қоғамдық-саяси ахуал тұрақтылығын қамтамасыз ету туралы айтылды.

IMG-20210114-WA0001 (1)

«Қоғамдық бірлестіктер мен дін өкілдерінің басын қосқан жиынның мақсаты –ауданымызда қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етуге атсалысу», - дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айгүл Жоламанова.

 

А.Арыстанова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале