13.12.2018, 18:54
Оқылды: 33

Шыңғырлауда көшпелі комиссия отырысы өтті

Бүгін Шыңғырлауда БҚОбілім басқармасының ұйымдастыруымен  кәмелетке жасы толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның көшпелі отырысы өтті.

IMG_6683

Оған облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов төрағалық етіп, аудандар және Орал қаласы әкімдіктерінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері мен олардың құқтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағаларының есептері тыңдалды.

         Облыста жасөспірімдер мен кәмелетке жасы толмағандар арасындағы мәселе көп. Нақтырақ айтсақ, құқық бұзушылық, діни экстремизм, жасөспірім қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу шаралары, сонымен қатар мүгедек және жетім балаларға көмек түрлері туралы мәселелер айтылды. Мәселені шешу жолдары қарастырылды. Отырыста аталған комиссияның 2019 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы талқыланды.

IMG_6659

Айсулу Муса,

Шыңғырлау ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале