6.11.2018, 17:42
Оқылды: 31

Шыңғырлауда Мөлдір Әуелбекованың кеші өтті

Шыңғырлау аудандық Мәдениет үйінде әнші, өнер жұлдызы Мөлдір Әуелбекованың шығармашылық кеші өтті. Әншінің директоры, әпкесі Меруерт пен Мөлдірдің сахнада өнер көрсете бастағанына 15 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Туған ел» атты шығармашылық кеші бұған дейін Орал қаласында және Теректі ауданында өткенін айта кеткен абзал.

moldir (5)

         Алдымен шығармашылық кешке арнайы түсірілген фильм көрсетілді. Фильмде Мөлдір Есіркепқызының Тараз қаласында қарапайым отбасында дүниеге келгені, 9 сыныптан кейін Жамбыл гуманитарлық колледжінің музыка факультетінің домбыра бөліміне түсіп, оны тәмамдағаннан кейін Алматы қаласындағы Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының әншілік бөліміне түскендігі, қазіргі таңда аталған оқу орнының магистратурасында білімін жалғастырып жатқаны баяндалады.

Фильмнен кейін кеш концерттік бағдарламаға ұласты. Бұл кештің бір ерекшелігі Мөлдірдің жанды дауыста ән салуы болды. Сахнадағы әріптес інісі Ақсұңқардың гитарада сүйемелдеуімен «Туған ел», «Шіркін-ай», «Гүлмін», «Есіңе мені алғайсың, «Әдемі қыз» әндерін орындаумен қатар, осы шығармашылық ән кешіне арнайы тапсырыспен жасатқан домбырасымен шырқаған «Ару ана», "Ақ тамақ" т.б. әндері де көрермен көңілінен шықты.

Сондай-ақ концерт қонағы «Назар» тобы да өз шығармашылығымен жұртшылықтың  ықыласына бөленді. Айта кетейік, Мөлдір Есіркепқызының «Назар» тобын құрып, продюсерлікпен айналысқанына бір жыл болған.

Жүрекке жеткен әсем ән төгілген кеш соңында Мөлдір Әуелбекова өнерсүйер қауымға алғысын білдірді.

moldir (1) moldir (2)

Б. БАЙМАҒАМБЕТОВА,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале