11.10.2018, 16:16
Оқылды: 42

Шыңғырлауда мүмкіндігі шектеулілер арасында жарыс өткізілді

Қайырымдылық айлығы аясында Шыңғырлауда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорттық шара өткізілді.

IMG_1478

         Мемлекеттік ән ұранмен ашылған салтанатты шарада аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айбек Сұлтанов және БҚО мүгедектер ерікті қоғамдық бірлестігі Шыңғырлау аудандық филиалының төрағасы Тілекші Кереев құттықтап, шараға қатысушыларға жігер мен сәттілік тіледі.

         Спорттық шараға 27 спорт сүйер жан Ақшат, Ащысай, Ардақ және Шыңғырлау ауылдық округтерінен келіп қатысты. Денсаулықтары сыр беріп, сонда да  өмірдің қиындықтарына мойын ұсынбай бойларындағы күш-жігерлерімен алға ұмтыла білетін жандар жақсы көрсеткіштерге жетіп, белсенділік танытты.

         Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, асық ату, үстел тенисі және қол күресінен жарысып, жеңімпаздар да қатысушларда дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

"Серпін" газеті,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале