4.10.2017, 11:12
Оқылды: 21

Шыңғырлауда музей ашылады

 

Бұл туралы аудан әкімі А.Есалиев БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты.

-Аудан халқының көптен көкейінде жүрген – музей ашу мәселесі биыл шешілді.  Қазіргі таңда оның ғимаратын жөндеу жұмыстары аяқталу үстінде. Аудан тұрғындарынан музейге тапсырылатын жәдігерлерді жинауға кірістік. Болашақта 600-ден астам тұрғыны бар Тасмола ауылында мәдениет үйін салу, елді мекендерде мәдениет үйлерін және дене шынықтыру, спорт нысандарын жөндеу, ауданның 4 ауылын (Қарағаш, Белогор, Полтавка, Тасмола) бұған дейін болмаған ұялы байланыспен қамтамасыз ету жоспарда бар, - деді А.Есалиев.

Аудан орталығында және шалғай ауылдарда 39 үйдің құрылысы жүруде. Ол жыл аяғына дейін толық бітеді. Осы арқылы аудан басшылығы өзге өңірлерге көші-қонды тоқтатуға мүдделі. Жаңа пәтерлер жастарға, көпбалалы жанұяларға берілетін болады.

Өткен жылы басталған «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы инфрақұрылым түзу жұмыстары биыл да жалғасуда. «Ақбұлақ» шеңберінде екі мыңға жуық халқы бар екі ауылға (Ащысай және Амангелді) су құбыры құрылысы жүріп жатыр. Жобаның құны 240 млн. теңге. Екі жобаның бірін биыл бітіру жоспарлануда. Жұмыстар біткеннен кейін аудан халқын таза ауыз сумен қамту 87 % жетеді.

Көгілдір отынмен халықты қамту көрсеткіші - 95%. Күні бүгін газға қосылмаған бір ауылға газ тарту үшін мердігер анықталуда. Жұмыстар аяқталғасын аудан 100% газбен қамтылады.

 Г. ЖОЛДЫҒАЛИ

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале