17.09.2020, 10:31
Оқылды: 122

Шыңғырлауда оқырмандар бенефисі өтті

Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапханасында «Ұлағатты отбасы – ұлт құндылығы» атты оқырман бенефисі өтті. Оған кітапханамыздың тұрақты оқырмандары Сәния Бекболатова мен ұлы Равиль Валиев қатысты.

IMG20200914155550

Кітапхана мен отбасы ортасындағы тұрақты қарым-қатынасты қалыптастыру, отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау бағытында өткен шара барысында Сәния Расихқызы отбасындағы кітап оқу тарихына тоқталды.

Кітап – адам өмірінде маңызды роль атқарады. Ол елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды.

IMG-20200914-WA0053

Ал, Равиль Валиев мектепте оқып жүрген кезінен кітапқа құмар болып, жазғы демалыста 30 шақты кітапқа дейін оқып шығатынын әңгімеге арқау етті.

- Кітапты көп оқыған адамда сөздік қоры молайып, айналасындағы адамдармен тез тіл табысуға, емін-еркін сөйлей алуға мүмкіндік береді. Бүгінде ұстаздық жолымда да, бірнеше тілді еркін меңгеруіме де осы көп оқығанымның пайдасы тиді, - деп қорытындылады сөзін ол.

Шараға туризм және экология бөлімінің мамандары мен кітапханашылар  қатысты.

 

Мөлдір Жайымова,

Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған

кітапханасының кітапханашысы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале