27.10.2020, 15:01
Оқылды: 54

Шыңғырлауда өткен квест ойыны өлке тарихына арналды

Еріктілер жылы аясында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында «Тарихи өлке» атты танымдық әрі қызықты квест ойындары өткізілді.

квест

- Ойынның басты мақсаты – жастарды бір-бірімен таныстыру, тез тіл табыстыру және топта жұмыс жасай білуге икемдеу. Ойын бірнеше сайыстардан тұрды және аталмыш ойынға әр ұйымнан жас мамандар қатысты. Бұл жолы командалар аралас болды, келесі жолы әр ұйымнан бір-бір команда болып мекемелер арасында жарыс ұйымдастыру мақсатта бар, - дейді жастар ресурстық орталығынаң басшысы Нұрлыбек Қайырбекұлы.

Кезеңдерден өту үшін жылдамдық, тапқырлық, логика және бір-бірін тыңдау сияқты қасиеттерді пайдалану керек. Әр сайысты команда болып бірге өту-басты шарттардың бірі.

- Жақсы ойын болды, жастардың басы қосылып, топ құрап, әр түрлі тапсырмаларды қызығушылықпен орындадық. Жүгіріп, денеміз бір шынығып қалды. Ұйымдастырушыларға үлкен рахметімізді айтамыз. Осындай ойындар көптеп ұйымдастырылса керемет болар еді?! - дейді волонтер Айдана Алмұрзиева.

Сайыс барысында Жастілек Дулатов, Айдана Алмұрзиева және Нұрсұлтан Тағаниязов бастаған «Құтқарушылар» командасы ойынды бірінші аяқтап, бас жүлдеге ие болды. Басқа командалар да өз еңбектеріне қарай марапатталды.

 

                                                                            Айбарша Лекерова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале