26.09.2019, 13:30
Оқылды: 164

Шыңғырлауда «Өз жеріңді танып, біл!» акциясы өтуде

Шыңғырлау ауданында қыркүйектің төртінен бастап мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері арасында «Өз жеріңді танып, біл!» атты жорықтық акция өткізілуде. Айта кетейік, акция қазанның 14-не дейін жалғасады.

shingylau (1)

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізінде іске асып жатқан акцияның өскелең ұрпаққа берері мол дейді ұйымдастырушылар. Туған жердің тарихы мен табиғатын танытуды көздеген акция туристік жорық, экспедиция, өлкетану бағытындағы экскурсия, туристік серуен секілді түрлі форматта өтуде.

shingylau (3)

Бүгінде ауданның оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері Шыңғырлаудың «Жеті кереметіне» айналған көрікті жерлері аралады.

shingylau (4)

Самат Байболат

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале