4.06.2018, 15:51
Оқылды: 37

Шыңғырлауда рәміздер күніне орай салтанатты жиын өтті

Жиын мерекелік жиын Мемлекеттік әнұран шырқаудан басталып, аудан әкімі Альберт Есалиевтің құттықтау сөзімен ашылды.

Кейін «Жас толқын» көркемсөз үйірмесінің бүлдіршіндерінің орындауындағы өлең шумақтары мен Гүлім Нұрғалиеваның жетекшілігіндегі «Еркем-ай» халықтық би ансамблінің «Ынтымақ елім - Қазақстан» биімен жалғасын тапты.

Нұргүл Байғалиева «Қазақ елі» әнін нақышына келтіріп орындады. Жиынның соныңдағы «Менің Қазақстаным» флешмобы Ельдар Бижановтың «Көк тудың желбірегені» әнімен жалғасып, мерекелік іс-шараны қорытындылады. Салтанатты жиын аяғында дүйім жұрт автошеру акциясын тамашалады.

 Айбарша Лекерова

Шыңғырлау ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале