4.10.2017, 11:07
Оқылды: 15

Шыңғырлауда үш мектеп күрделі жөндеуден өтеді

Aksha bopsalau mektep 02Бұл жайлы Шыңғырлау ауданының әкімі А.Есалиев БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.


Биыл 2 фельдшерлік-акушерлік пункт күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында Лубен тірек елді мекенінде селолық дәрігерлік амбулатория (СВА) салу жоспарлануда. Жоба күні бүгін облыстық жобалар тізіміне енгізіліп, қазіргі таңда тиісті құжаттарын жасақтауға қаражат бөлу жөнінде шешім қабылданды. Алдағы жылдары ауданның 3 мектебін күрделі жөндеуден өткізу жоспарда тұр.

Халықаралық «ЭКСПО» көрмесіне 654 шыңғырлаулық барып қайтты. Соның ішінде аз қамтылған отбасылар санатынан 122 бала көрмеге жергілікті бюджет есебінен жолданды. Балаларды жазғы демалыспен қамту көрсеткіші жыл санап артып отыр (95%).

Шыңғырлау ауданы шекаралас өңірге жатады. Сол себепті ауданда шекаралық аймақтарды дамыту жоспары кезең кезеңімен жүзеге асырылуда. Мысалы, өткен жылы Алмаз ауылдық округінің елді мекендеріндегі барлық әлеуметтік нысандарына күрделі жөндеу жасалды. 400 млн. теңгеден аса инвестиция құйылды. Бұл қаржыға мәдениет үйі, мектеп жөнделсе, биыл фельдшерлік-акушерлік пункт жөнделді. Ауыл газға қосылды. Мұндай жұмыстар барлық шекаралық елді мекендерде де атқарылатын болады. Өйткені, аудан халқының 80% мемлекеттік шекара маңын мекендеуде.

Г. ЖОЛДЫҒАЛИ

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале