23.10.2020, 10:13
Оқылды: 79

Шыңғырлауда ветеринария саласына қатысты жиын өтті

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Батыс Қазақстан облыстық ветеринария басқармасының басшысы С.Нұрмағамбетовтың қатысуымен ветеринария саласындағы өзекті мәселелерді қаузаған жиын өтті.

CC427CFB-69E0-4D8C-AD07-442F713481BD

Басқосуға аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев төрағалық етіп, оған аймақтың барлық мал дәрігерлері, ауыл шаруашылық мамандары қатысты.

Жиында ветеринариялық іс-шаралардың орындалу барысы кеңінен талқыланды. Басқарма басшысы Серік Базарұлы жұмыс барысындағы озық тәжирибелермен бөлісе отырып, вакцинациялауда кездесетін кедергілер, малдың уақтылы сырғалануы, мал ауруының алдын алу, заман ағымына байланысты жиі өзгеріп отырған дәрі-дәрмектердің түрлері туралы баяндады.

-Қысы-жазы малмен алысу оңай емес. Мал дәрігерлерінің жыл бойына қан алып, екпе жасатып, ауру малды анықтап, оның құжаттарын рәсімдеу - үлкен еңбекті талап етеді. Мәселен, мал қанын жүздеген шақырымнан орталық лабороторияға жеткізіп, мерзімінде сараптама жасату керек. Әр дәрі-дәрмектің де түрілеріне байланысты егу уақыты да әртүрлі. Әр шара кідірісті күттірмейді. Дегенмен ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – бұл біздің ең басты міндет, - дей келе, облыстық ветеринария басқармасының басшысы С.Нұрмағамбетов облыс деңгейіндегі статистикалық ақпаратқа сүйене отырып, Шыңғырлау ауданының жетістіктерін саралаумен қатар кемшін тұстарын да баса айтты.

74BD99BC-657F-4A26-BABC-1DD5B8D3F079

Шара соңында аудандық әріптестер тарапынан қойылған сұрақтарға, әсіресе жануарларды бірдейлендірудің деректер базасына енгізу, материалдық техникалық базаны жаңарту секілді ветеринарларды толғандаратын сауалдарға да толыққанды жауап алынды.  Расымен де, әлемдегі барша адамзатты әбігерге салған пандемия кезінде түрлі-түрлі мал аурулары да шығып жатқаны бар. Сондықтан күнкөріс деп асырап отырған төрт түлігіміздің кеселге шалдықпай жүруіне осы мал дәрігерлерінің қосар үлестері зор.

 Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале