28.09.2018, 10:15
Оқылды: 38

Шыңғырлауда жаңа бағдаршамдар қойылды

Шыңғырлауда жыл сайын аудан көшелері жаңа жол белгілерімен толықтырылуда. Себебі барлық қозғалысты жіті бақылауға жол полициясы бөлімі қызметкерлерінің, инспекторлардың қауқары жете бермейді.

Shyngyrlau svetofor

Аудан орталығындағы Абай Құнанбаев көшесімен Лұқпан Қылышев көшелерінің қиылысында жаңа бағдаршамдар орнатылды.

            – Жол қозғалысын реттеу үшін бағдаршамдар орнатуға аудандық бюджеттен 3 млн. 789 мың теңге қаржы бөлінді. Мердігер компания – «Жайық жарығы» ЖШС, – дейді аудандық тұрғын үй, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Р.Мамбеталиев.

Енді бұл жолдарда көлік қозғалысы қауіпсіз әрі бұрынғыдан гөрі тәртіпті сақтауға мүмкіндік бермек.

Әлия НҰРЛЫБЕКҚЫЗЫ,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Біздің Telegram-парақшамызда Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале