2.08.2019, 9:35
Оқылды: 171

Шыңғырлауда «Zhas Project» жобасы аясында тренинг өтті

«Zhas Project» жобасы аясында Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы және Шыңғырлау ауданының грант иегерлері үшін Шыңғырлау ауданында 4 күндік тренинг ұйымдастырылды.  

Shyngyrlau jas projekt (2)

Оқу барысында қатысушылар өздерін жаңа қырларынан көрсетіп, болашақ кәсіпкерлерге сай жаңа қадамдар жасады. Жобаның алғашқы көрінісі ретінде 9 жоба қатысушылары бірігіп, аудандық қарттар үйіне көмек қолдарын созды. Қариялар жастарға өз баталарын беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Shyngyrlau jas projekt (1)

Айта кетейік, «Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банктің қолдауымен 2017 жыл­дан бері жүзеге асып келеді. Жұмыссыз жастардың үздік әлеуметтік жобаларын сынға салатын гранттық конкурсқа осы уақытқа дейін 5508 жас қатысып, 1616 бірлескен жоба жеңімпаз болған. Яғни, осыншама жұмыссыз жас өз кәсібін бастап, бүгінде еңбегінің жемісін жеп отыр. «Zhas Project»-тің ең тиімді тұсы сол, әр жобаға миллион теңгеден қайтарымсыз қаражат және әр қатысушыға алты ай бойы 40-60 мың теңгеден шәкіртақы беріледі.

Г. Көбеш

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале