26.09.2018, 11:54
Оқылды: 32

Шыңғырлауда жастарға қызмет көрсету орталығы ашылды

Шыңғырлау аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының жанынан «Жастарға қызмет көрсету орталығы» ашылды. Мұнда жастардың жаңа идеялары мен жобаларына бағыт беріп, түрлі мәселе бойынша көмек көрсетеді.

серпн (1)

            Жастарға қызмет көрсету орталығы бірнеше бағытта қызмет көрсететін болады. Атап айтқанда, «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020», «Қолжетімді тұрғын үй - 2020», «Дипломмен ауылға» бағдарламалары бойынша жастар арасында түсіндіру-насихаттау бағытында жұмыс жүргізбек.

            Орталық жастардың демалатын, әрі білімін жетілдіріп, пікір алмасатын, оларды жан-жақты қолдауға барлық мүмкіндіктер жасайтын шаңырақ болмақ.

Әлия НҰРЛЫБЕКҚЫЗЫ,

Шыңғырлау ауданы

серпн (2)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале