3.07.2018, 11:08
Оқылды: 33

Шыңғырлауда жаяу жүргіншілер жолы салынды

Zhyngyrlau trotuarШыңғырлау ауылының орталығындағы Л.Қылышев көшесінің қиылысынан   аудандық Мәдениет үйіне дейінгі С.Датов көшесінің сол жағына жаяу жүргіншілер жол салынып, пайданалуға берілді.


Тапсырылған жұмысты уақытылы және сапалы орындаған  мердігер - «Саят» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Жәнібек Досқазиевтің айтуынша, ұзындығы  750 метрді құрайтын жаяужолға (тротуар) 9 млн. 16 мың теңге қаражат жұмсалған.

-Жүргіншілер жолын салу барысында құрылыс  материалдарын  тасымалдау, құю, техника жалдау, тегістеу жұмыстарын сапалы орындауға тырыстық. Енді міне, тұрғындар, әсіресе, күзгі-көктемгі лайсаңда Мәдениет үйіне аяқкиімдерін ластамай жететін болды, -дейді мердігер.

Қуанышты сәтті бөлісуге жиналған ауыл ақсақалдары мен тұрғындар ауыл әкімі Ғұсман Жанғазиевке орталықты әлі де абаттандыру турасындағы өз ойларын айтып, өзге де қалтарыс қалған көшелерде тротуар салуды сұрады.

Айсұлу Арыстанова

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале