9.04.2019, 18:11
Оқылды: 23

Шыңғырлауда «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтуде

Шыңғырлау ауданы орталығындағы А.Құнанбаев пен Л.Қылышев көшелерінің қиылысында аудандық полиция бөлімі «Жолда қабылдау» республикалық акциясын өткізді.

IMG-20190405-WA0012

          Акция кезінде 12 азамат автокөлікті тіркеу қызметі жөнінде, 15 азамат жүргізуші куәлігінің берілу тәртібі туралы сауалдарына жауап алса, 2 тұрғынға жолаушылар тасымалының заңдылығы, ал екі Ресей азаматына көші-қон заңнамасының тәртібі жөнінде түсінік берілді.

         Ішкі істер органдарына тіркелмеген қару акциясы бойынша және азаматтық қаруды  рәсімдеу заңдылығы туралы 5 адам сұрақтарымен жүгінді.     Заңдылықты сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатындағы кездесу тоқсан сайын өткізілмек.

 Мәдениет Уксукбаев,

 Шыңғырлау аудандық полиция

бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры

 

-

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале